Гарибальди бригадалары — гитлершілердің тылында қарсыласу қозғалысы кезіндегі (1943-1945) екпінді партизан отрядтары. Итальян Компартиясы құрған. Джузеппе Гарибальдидің құрметіне осылай атады. 1945 жылы сәуірде гарибальди бригадаларының саны 575-ке жетті. Әрбір бригадада 40-50 адам болды, олар 5-6 топқа,ал әрбір топ 5-6 жауынгерден құралған екі буынға бөлінді. Дені-коммунистер. Бригадалардың жоғарғы командованиесін Л.Лонго басқарды. Гарибальди бригадалары партизан армиясы қарулы күштерінің 50%-ін құрады. 1945 жылы Сәуір көтерілісінің екпінді күшіне айналды.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс партизан қозғалыстары