Исмайыл Саттаров (1916, Алматы, — 20. 03. 1944, сонда) — ұйғыр совет ақыны, драматург, Алғашқы өлеңдері ұйғыр тiлiнде шығатын «Қизил туғ» («Қызыл ту» ) газетiнде 1936 жылы жарияланды. И. С. өзінің өмiрлi шығармаларымен 20 жылдардағы ұйғыр совет поэзиясының және оның көрнекті өкілдері Омар Мұхаммеди, Нұр Исраилов, Тұрды Хасан дәстүрiн алға дамытты. Ол лирикалық өлеңдермен бiрге «Гүлзар бақтың қызы», «Қopғaн» поэмаларын және бiрнеше драм. шығармалар жазды. Д. Ж. Свифттің «Гулливер ергежейлiлер елiнде», Виктор Гюгоның «Гаврош» шығармаларын т. б. бірқатар туындыларды ұйғыр тiлiне аударды. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1974. Том 5 Дереккөздер
Санат:1916 жылы туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ұйғырлары