Негізінен пестицидтер ауыл шаруашьшығында кеңінен қолданылады. Өсімдіктерді қорғау, егін өнімділігін арттыру үшін әзірше кең таралған және бұл арзан химикаттар болып саналады.
Сондықтан пестицидтерді өндіру кеңінен арттырылуда. Пестицидтерді қолдану - топырақ, су қоймаларын, жерді, ауаны ластандырады, тұрғындардың тығыз қатынаста болуына әкеледі. Пестицидтер биологиялық белсенді қосылыстар болғандықтан пайдасыз бен пайдалы жануарлар мен құрт-құмырсқаларға және адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Пестицидтерге балалар мен жасөспірімдер және қарт адамдардың организмі өте сезімтал келеді. Әсіресе жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдердің осы улы заттармен қарым - қатынаста болуы өте қауіпті. Өйткені, бұл заттар организмге түскенде плацентарлық тосқауылдан өтіп, ұрықтың дамуына әсерін тигізеді жәж ана сүтімен өтіп баланы уландыруы мүмкін. Көптеген пестицидтерге жалпы токсикалық эмбрион-гонадо - токсикалық (жасушаның және жыныс бездерінің өзгеруі мен жасушаның шоғырлануы), мутагендік - хромосомдық бұзылыс, канцерогендік (қатерлі ісіктік) және аллергендік қасиеттер тән. Пестицидтер әсері жиі өндірісте істейтін жұмысшылар пестицидтермен жанасуында әртүрлі заттарды іздеп табатын, тасымалдайтын, сақтайтын, тарататын, егін - өсімдіктерге себетін және үй шаруашылығында қолданылатын жұмыстармен тікелей байланысты. Әсіресе адамдар ұрықтар мен дәндерді қолданғанда, топыраққа сепкенде (фумигациялағанда) және өсімдіктерге, ағаштарға шашқанда немесе пестицидтерді өңдейтін орындарда ұзақ уақыт қатынаста болғанда, әсіресе санитарлы - гигиеналық нормативтік талаптарды сақтамағанда жұмысшылар улануға ұшырайды. Пестицидтердің биологиялық әсері бойынша жіктелуі: пестицидті альгицидтер - су өсімдіктерін болдырмау үшін;пестицидті акарицидтер - кенелер мен құрттарды құрту үшін; пестицидті арбоицидтер - бұта ағаштарды жоюға арналған; пестицидті антисептиктер - металл емес материалдарды микроорганизм әсерінен бұзылуын қорғау үшін; пестицидті бактерицидтер - бактерияларды құрту үшін;гербицидтер - арам шөптерді құрту үшін; дефолианттар - жапырақтарды құрту үшін;зооцидтер - кеміргіштерді құрту үшін;инсектицидтер – құрт-құмырсқа, ұшқыш жәндіктерді құрту үшін;фунгицидтер - өсімдіктердің вирустық және бактериалдық, саңырауқұлақ қоздырушыларын құрту үшін.овициды - жәндіктердің ұрығын құрту үшін. Фосфорорганикалық қосылысты пестицидтермен (ФОҚП) улану ФОҚП инсектофунгицидтер ретінде мақта, дән, жеміс ағаштарының, шөптердің т.б. зиянкестеріне қарсы қолданады. Бұл қосылыстар қоршаған ортада, өсімдіктерде, топырақ пен суда тұрақсыз, 1 айдың ішінде ыдырап бөлінеді және азық - түлік өнімдерін термикалық өңдеуде, яғни жоғарғы температурада жойылады. ФОҚП тері арқылы оңай кіреді, сонымен қатар ингаляциялық жол арқылы енеді. Химиялық құрылымы бойынша бұл қосылыстар фосфорлы, тио- және дитиофосфорлы, фосфан қышқылының эфирлері: байтекс, битифос, карбофос, метафос, хлорофос болып табылады. Патогенезі. Бұл топтың қосылыстары политропты әсер етіп, көбінесе орталық нерв жүйесі мен паренхиматозлы ағзаларды (бауыр, бүйрек, көкбауыр, жүрек, өкпе) зақымдайды. ФОҚП холинэстеразаларға ферментін тежеп, нерв жүйесінің медиаторы ацетилхолинді жинайды, бұл нерв жасушалары мен ганглионарлы синапс арқылы нерв қозуының берілуін, тіндік тыныс алуын бұзады, осының нәтижесінде улану көріністері байқалады. ФОҚ - мен уланудың негізгі симптомдары ацетилхолиннің орталыққа әсері мен мускарин тәрізді парасимпатикалық әсеріне (құсу, лоқсу, іштің өтуі, кеуденің қысылуы, тершеңдік, брадикардия, көз қарашығының тарылуы, ішек, қуық, бронхтардың бұлшықеттерінің жиырылуы, көз, сілекей, бронх бездері секрециясының белсенділігі) байлансыты. Осымен қатар ФОҚ-дың никотин тәрізді әсерінің болуы тән: постганглионарлы талшықта импульстің берілуі бұзылады, осыдан көз, тіл, мойын, бет бұлшықеттерінің тартылуы - дірілдеуі және жалпы дененің гиперкинезиялары байқалады. Ацетилхолиннің орталыққа әсері ми қыртысына, сопақша миға токсикалық әсерімен сипатталады (бастың ауыруы, ұйқысының бұзылуы, қозу, психикасының бұзылуы, есін білмей тоникалы - клоникалық құрысулар, салданулар, сопақша мидағы өмірге қажетті орталықтардың тежелуі). Клиникасы Жедел улану бірнеше сағат жасырын өтеді. Жедел уланудың түрлері: а) жеңіл дәрежелі; б) орташа дәрежелі; в) ауыр дәрежелі. ФОҚП - мен жедел уланудың жеңіл дәрежесінде науқастың клиникасы мынандай болады: бас ауруы, бас айналу, аяқ - қолдың әлсіздігі, көрудің төменді, жүрек айнуы, сілекейдің бөлінуі, көзден жас ағу, іш тұсының ауыруы, кейде іш өту. Көздің қарашағы кішірейген, көруі нашарлаған, нистагм, беттің ісінуі, көп тершеңдік пайда болады. Пестицидтер әсері әрі қарай жалғасса тыныс қиындайды, кеуде қуысы қысылып, ауа жетіспей, ұстама тәрізді жөтел қосылады. Өкпеде қатаң тыныс алу, құрғақ сырылдар; жиі жүрек соғуы, артериалдық қан қысымының жоғарылауы, кейде ауыр жағдайда төмендейді. Орта дәрежесінде қозу күшейіп қорқыныш сезімі, өте қатты бас ауруы, бұлшықет әлсіздігі пайда болады. Тыныс алу мен тыныс шығару қиындайды, тыныс алуы ысқырық тәрізді, өкпеде құрғақ және ылғалды сырылдар, сықырлаулар естіледі. Объективтік жағдайы орташа, көгеру, ентігу, демікпе, дене қызуы көтеріліп, дірілдеу байқалады. Миоз, көз ауырып, аккомодация спазмы, бұлшықет тонусының төмендеуі, бет бұлшықеттерінің мимикасы мен қозғалысы бұзылып дизартрия, бет-мойын, аяқ-қол бұлшықеттерінің тартылуы, іштің тұсы ұстама тәрізді ауырғаны және үлкен дәреті сұйық болып, кейде галлюцинациямен депрессия пайда болады. Қанда холинэстераза 50%-ға дейін төмендейді. Ацетилхолин мөлшері жоғарылайды. Жедел уланудың ауыр дәрежесі сирек кездеседі. Мұнда үш кезеңді ажыратады: қозу, құрысу - тырысу және паралитикалық немесе салдану. Науқастың жағдайы ауыр, алдында қозу, тынышсыздық, кейін тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы нәтижесінде диафрагманың жиырылуы әсерінен ықылық пайда болады. Тыныс алу мен тыныс шығаруы едәуір қиындайды, ол шуылмен аз қашықтықта естіледі, көбік тәрізді қақырық (өкпе ісінуінің клиникасын еске түсіреді) және демікпе пайда болады. Есі тұманданып, көздің қарашығы соншалықты кішірейгендіктен жарыққа сезімталдығы төмендейді немесе жойылады, оқтын-оқтын жайылмалы құрысу, бас және аяқ-қолдың треморы, парезі, салдануы, диэнцефальдік криздер дамиды. Брадикардия тахикардиямен ауысып, кейде жүрек қызметі бірден төмендеп коллапске, комаға әкеледі. Көбінесе асфиксия мен жүрек қантамыр қызметінің жетіспеушілігінен науқас қайтыс болады. Қанда холинэстераза толық инактивацияланады, гипохромды анемия, ретикулоцитоз, базафильді түйіршікті эритроциттер көбейеді. Қан сарысуында Гейнц денешіктері пайда болып, МеtHb көбейіп, лейкопения, ЭТЖ баяулап, диспротеинемия байқалады. Зәрде белок, эритроциттер және цилиндрлер көрінеді. Жеке жағдайда ФОҚ-дан хлорофос шеткі нерв жүйесіне әсер беріп, полиневропатияларды шақырады: полиневрит, жиі ауру синдромы аяқ-қолда, нерв жолымен, бұлшықетте, буындарда және әлсіздік, парестезиялар, гипе-, гиперестезиялар тершеңді-кпен көрінеді. Қалпына келу бірнеше жылға созылады. Созылмалы уланудың клиникасы жайлап басталып, бас ауруы, бас айналуы, дезориентация, есте сақтау қабылеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендеп жүрек айну, әлсіздік әсіресе екі аяғында, кейде миоз, нашар көру, конъюнктивит, риниттермен көрінеді. Айқын білінетін түрлерінде интелект төмендеп, қысқа уақыт есін білмейді. Сонымен қатар, токсикалық гепатит, қанда лейкопения немесе лейкоцитоз, кейде МеtHb аздап көбейеді, гипохромды анемия байқалады, холинэстераза алдында қалыпты кейін ол төмендейді, ЭТЖ баяулайды. Хлорофос, карбофос, бромофос жиі дерматиттер, конъюктивиттер тудырады. Осы айтылған әсерлерден кейбір фосфор органикалық қосылыстар әскери дала жағдайында армияны қатардан шығару үшін қолданады.
ФОҚ-мен улануда көрсетілетін көмек және емдеуі. Уланған адамға противогаз кигізіп қауіпті зонадан тез алып шығару керек. ФОҚ теріге түскен жағдайда - 5-10% мүсәтір спиртімен, 2-5% хлорамин ерітіндісімен немесе 2% сода ерітіндісі-мен өңдеп, сүртіп, былғанған киімді шешеді. Көзге түссе сумен көзді жуып 0,1% атропинді немесе 30% сульфацил натрийді тамшылайды. Асқазанға түссе, асқазанды жедел түрде жуып, бірнеше стакан су ішкізіп, жасанды құсық шақырады. Активтелеген көмір, іш айдатқыш дәрілер берілдеді. Улану белгілері болса холинолитикалық препараттар: ішке 0,001 г амизил немесе 0,02 г тропацин; холинэстераза антидоттары бұлшықетке 15% 1 мл дипироксимді әр 50-60 минут сайын жағдай жақсарғанға дейін қайталанады (жинақты доза 5-15 мл барады), 0,1% 1 мл атропинмен бірге қайталанып тұрады; аналептиктер тамыр дәрілері-мен (кордиамин, лобелин, мезатон) салынады. Тыныс жолдарын шырыштан механикалық тазалау жүргізіледі. Құрысуға қарсы препараттар - магний сульфаты, хлоралгидрат; пневмонияның профилактикасы үшін антибиотиктер, дезинтоксикациялық дәрілерін берген жөн. Жүрек қантамыр дәрілері де көрсеткіштерге қарай беріледі. ФОҚП - мен істеген жұмысшыларды сараптау. Фосфорорганикалық қосылыстармен созылмалы уланудың алғашқы белгілерінде жұмысшыларды уақытша жұмыстан босатып, кәсіптік дәрігерлік қағаз беріп емдеуін белгілеу қажет. Улану айқын ауыр жағдайда және созылмалы түрі жиі рецидив беретін болса ФОҚ-мен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Профилактикасы. Жұмысшылар уланудың алдын алу үшін кезекті медициналық қаралудан уақытында өтіп күніне 2-3 рет 0,5 г панкреатин нгмесе фестал, емдік-профилатикалық тамақтану, күнде сүт ішу, жұмыстың алдында ыстық тамақ ішу, т.б. шаралар жүргізіледі. Жұмыс уақыты 6 сағаттан, кей жағдайда 4 сағаттан артық болмау керек. Хлорорганикалық қосылысты пестицидтер(ХОҚП) Хлор органикалық қосылысты пестицидтер ауыл шаруашылығында: дән, жеміс ағаштар және басқа егін дақылдарының зиянкестеріне, кене мен қан сорғыш жәндіктеріне қарсы қолданады. ХОҚП ішінде көбіне гексохлоран, хлортен, хлориндан, гептахлор, дилдрин, полихлорпинен, дуст немесе эмульсия ерітінді түрінде пайдаланады. Бұлардың бәрінің кумуляциялық қасиеті бар және сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Мысалы: ДДТ пестицидтерін пайдаланғаннан 10-12 жылдан соң топырақтан табуға болды. Сондықтан ол қазір көп пайдалынбайды. ХОҚП организмге тыныс алу жүйесімен асқазан - ішек жолымен түссе, олдрин, дилдрин сияқты аса қауіпті әсері күшті пестицидтер зақымданбаған тері арқылы организмге ене алады. ХОҚП бүйрек, асқазан-ішек жолымен, сүт бездерімен бөлініп шығады, алкогольді қабылдағанда температурасы жоғарылағанда удың сіңуі тездетіледі. Патогенезі ХОҚП организмге негізікн орташа токсикалық және политропты әсер етеді. Олар майда еритін қосылыстарға жататындықтан липидтерге бай нерв жасушалар мен тіндерге, сонымен қатар липидтерге бай паренхиматозды ағзаларға және организмнің барлық қорғаныс тосқауылдарынан оңай өтеді. ХОҚП уланғандағы ОНЖ мен бауырдың зақымдануын осымен түсіндіруге болады және жасушалық тыныс алу ферменттерін негізінен цитохромоксидазаның тежелуіне байланысты, ол паренхиматозды ағзалардағы тотығу мен фосфорлану үрдістерін бүзады. Осыдан көмірсу алмасуы, белок биосинтезі де бүзылады. Кейбір ХОҚП: хлоридан, гептахлор, белоктың және тиоферменттердің SН тобын тежейді. ХОҚП әсерінг жеке өзіндік және адам жасына байланысты гиперсезгіштік, көбіне аллергиялық реакциялар туғызады. Ағзалардың сезгіштігі ХОҚП-дің түріне, концентрациясына, әсер еткен уақыттың ұзақтығына байланысты. Осылардан жедел немесе созылмалы улану клиникалық көріністері дамиды. Клиникасы