Сусымалы орта механикасы Мағынасы Сусымалы орта механикасы - сусымалы ортаның (құм, саз, грунт, дән т.б) тепе- теңдігі мен қозғалысын зерттейтін тұтас орта механикасының саласы. Сусымалы орта механикасында грунттың тірек қабырғаға түсіретін қысымы, құлама жардың мүмкін болатын жылжу бетінің пішіні, сондай-ақ астықтың элеватор қабырғасына түсіретін қысымы анықталып, іргетастың қажетті тереңдігі есептеледі т.б. Грунт механикасы - сусымалы орта механикасының негізгі тарауы. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 454-бет Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Сусымалы орта механикасы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.