Филаде́льфия () — АҚШ-дағы ескі қалаларының бірі. Елдің халық саны бойынша 6-шы қаласы, Пенсильвания штаты бойынша ең үлкен қала - 1 603 797 адам тұрады. Маңындағы елді мекендермен бірге халық саны 6-миллионаға жуық агломерация құрайды.Делавер өзенінің бойында орналасқан. Филадельфия (город в США) .

Тарихы Қала 1682 жылы құрылған. Негізін қалушы-Уильям Пенн.Дәл бұл қалада 1776 жылы он үш Солтүстік-Америка штаттарының АҚШ тәуелсіздігінің декларациясын қабылдады.1871 жылы, тәуелсіздік үшін соғыста "біріккен колониялар" астанасы болған.1790-1800 жылдары Америка Құрама Штаттарының алғаш астанасы және Солтүстік Америкадағы ең үлкен қаласы болған.

Экономика және халық Филадельфия — Американың ең өнеркәсіптік, қаржылық және мәдениет орталықтарының бірі. Қаланың басты ескерткіштерінің бірі-әлемдегі ең әйгілі жоғары оқу орындарының бірі - Пенсильвания Университеті. АҚШ-ның көпұлтты қалаларының бірі-мұнда итальяндықтар, ирландықтар, азиаттар, афроамерикандықтар және Шығыс Еуропа халықтарының өкілдері бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруде.

Галерея

Бауырлас қалалар Тяньцзинь, ҚХР Тель-Авив, Израиль Торунь, Польша Төменгі Новгород, РФ Кобе, Жапония Экс-ан-Прованс, Франция Лион, Франция Абруццо, Италия Флоренция, Италия Инчхон, Корея

Дереккөздер

Санат:АҚШ-тың бұрынғы астаналары Санат:АҚШ-тың бұрынғы штат астаналары