Тауартпа Ерекшеліктері Тауартпа (Hordeumbulbusm)- астық тұқымдасына жататын көп жылдық шоптесін өсімдік. Биіктігі 50-100см, сабағының түп жағы бадана тәрізді жуан, жапырақтары жіңішке, ені 3-4мм,аздап бұдырлы, үстінгі беті түкті.Масағы жіңішке, ұзындығы 6-13см, ені 6-9мм, сынғыш, қыры қатты түкті, үш-үштен топтанған, ортанғысы тұқым береді, екі жағындағылары тұқымсыз. Мамыр мен маусымда гүлдейді. Тауарпа Жерорта теңізі маңында, Иранда, КСРО-да, Кавказ, Қырым, Орта Азия, Батыс Сібірде, Қазақстанда Түркістан маңы Алтай, Шу-Іле тауларында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда, оңтүстікте құрғақ далалы аймақтарда таудың оңтүстік беткейлерінде, тау баурайланады, өседі. Масақ салғанға дейін жақсы мал жайылымы және жақсынды пішінді шөп. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 589-бет Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Тауартпа · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.