Фрейд адамдар негізінен өздерінің іс-əрекеттері қалыптастыратын нақты психологиялық күштерді саналы түрде түсінбейді, адам өз бойындағы көптеген құштарлықты тұншықтыра отырып, өседі деп есептейді. Бұл құштарлықтар ешқашан толығымен жоғалып кетпейді жəне ешқашан толық бақылауда болмайды. Олар адамның түсіне кіреді, жаңылысып айтқан сөздерінде, жүйкесі шаршағанда, қатты ойланғанда, ақырында адамның «эгосы» өзінің жеке «идінің» мықты импульсын «супер-эгоның» қыспағымен теңдестіре алмайтын психоз жағдайларында байқалады. Мотивацияны зерттеушілер бір затты сатып алу кезінде тұтынушының санасына не əсер етуі мүмкін екендігіне байланысты бірқатар қызықты, сонымен қатар таңқаларлық қорытындылар жасады. Олардың ойынша: тұтынушылар қара өрікті тыржиған жəне қарт адамдарға ұқсас болатындықтан, сатып алуға қарсылық көрсетеді; ер адамдар саусақ сорудың ересектерге арналған баламасы болғандықтан, темекі тартады. Оларға өздерінің еркектігін білдіретін иісі күшті сигаралар ұнайды; əйелдер жануарлардың алдында өздерін кінəлі сезінгендіктен, жануар майынан гөрі, өсімдік майын пайдаланғанды дұрыс көреді; əйел кексті ыждақаттылықпен пісіреді, өйткені бұл əйел үшін санадан тыс дəрежеде баланы дүниеге əкелу үрдісіне ұқсас. Оған кекске жеңіл пайдаланылатын қоспаларды қосу ұнамайды, себебі жеңіл өмір жазықтылық сезімін оятады. Түсініктемелер Жеке адамның психикалық құрылымында З. Фрейд үш компонентті бөліп көрсетті: санадан тыс «ид» (Ол) — соқыр түйсіктер құштарлығының саласы; саналы «эго» (Мен) — қоршаған орта жəне ағзаның жағдайы туралы ақпаратты қабылдайды, «ид» күшін бөгейді, тұлғаның əрекетін реттейді; «супер-эго» (Жоғарғы мен) — əлеуметтік нормалар мен адамгершілік мақсаттардың саласы. А. Б. Рахимбаев, “Маркетинг теориясы жəне практикасы”, Алматы, 2009 Дереккөздер
Санат: Экономика Санат: Қаржы