Жалтыр — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Городец ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде, Жалтыр көлінің оңтүстік-батыс жағында 3 км-дей жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 421 адам (216 ер адам және 205 әйел адам) болса, 2009 жылы 294 адамды (152 ер адам және 142 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Шал ақын ауданы елді мекендері