Индиана́полис () — АҚШ-ының солтүстік-шығысында орналасқан қала.Индиана штатының астанасы.

Қаланың халық саны - 820 мың адам, штаттағы ең ірі қала, ал ел бойынша 13-ші үлкен қаласы.

Қала штаттың орталық бөлігінде, Уайт-ривер жағалауында орналасқан.Теңіз деңгейінен 218 метр биіктікте.Климаты қоңыржай-континеттік, яғни жазы ыстық та ылғалды, көктемі мен күзі жұмсақ, ал қысы суық болып келеді.

Жылдық орташа температурасы — 11,7 °C. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері — 1079 мм

Халқы 2010 жылы қаланың халық саны 829 718

Этностық құрамы: 48 % — ақтар 27,2 % — афроамерикандықтар 10 % — латиноамерикандықтар 2,1 % — азиаттар

Адамдардың орташа жылдық кіріс мөлшері - 21 789 АҚШ доллары.Халықтың орташа жасы - 34 жас.Қаладағы қылмыс деңгейі жоғары, ел бойынша орташа көрсеткіштен 4 есе артық.

Экономикасы Индианаполис қаласы - елдің маңызды қаржылық, өндірістік және сауда орталығы болып саналады.Қала экономикасындағы негізгі салалары - автомобиль жасау, түсті металлургия, химия-фармацевтика өндірісі және тамақ өнеркәсібі.

Бауырлас қалалары

Монца, Италия Кёльн, Германия Пиран, Словения Скарборо, Канада Тайбей, Тайвань

Дереккөздер города США >> индианаполис City of Indianapolis and Marion County

Санат:АҚШ штаттарының астаналары