Генри Кавендиш (; (10 қараша 1731, Ницца — 24 ақпан 1810, Лондон) — ағылшын физигi және химигі, Лондон корольдық қоғамының мүшеci (1760). Кембридж университетін бiтiрген (1753).

Оның негiзгi еңбектерi газдар химиясы мен эксперименттік физиканың әр түрлi салаларына арналған. Газдарды жинау, тазалау және оны зерттеу әдістерін жасады. Таза күйіндегі сутек пен көмірқышқыл газын алды және олардың меншiктi салмағын т. б. қасиеттерін анықтады (1766). Кавендиштің жылу және электр саласы бойынша жүргiзген бiраз зерттеулерi, оның өзi қайтыс болғаннан кейін, көптеген жылдан соң (мысалы, электр саласындағы зерттеулерi 1879 жылы, ал еңбектерінің толық жинағы 1921 жылы) жарияланды. 1871 жылы Кембридж университетiнде ұйымдастырылған физикалық лаборатория Кавендиш есімімен (қ. Кавендиш лабораториясы) аталды.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1974. Том 5

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания химиктері Санат:Ұлыбритания физиктері