Наде́жда Ви́кторовна Петро́ва (1982 жылдың 8 маусым айында КСРО, Москвада дүниеге келген) – ресейлік кәсіби теннисшы, жеке сында әлемдегі экс-3-ші ракетка, 1 Олимпиада ойындарының медалінің иегері.
Жетістіктері Жеке сында әлемдегі экс-3-ші ракетка. Жұптық сында Әлемдік WTA Туры Финалының 2 дүркін жеңімпазы (2004, 2012). Ресей ұлттық командасының құрамасында Федерация Кубогының 1 дүркін жеңімпазы (2007). Жұптық сында Лондонда өткен 2012 жылғы жазғы XXX Олимпияда ойындарының қола медалінің иегері. Жұптық сында Үлкен шлем турнирінің 2 дүркін финалисты (Roland Garros-2012, US Open- 2010). Жеке сында WTA сериясындағы турнирлерде 13 дүркін жеңімпазы (барлығы – 37). Ресей ұлттық командасының құрамасында Федерация Кубогының 1 дүркін жеңімпазы (2007). Ресей ұлттық командасының құрамасында Холман Кубогының 1 дүркін жеңімпазы (2007). Жеке сында Үлкен шлемның 2 дүркін жартылай финалисты (Roland Garros-2003, 2005). Жұптық сында Үлкен шлем турнирінің 1 дүркін жартылай финалисты (Australian Open-2011). Жеке сында Үлкен шлемның 6 дүркін 1/4 финалисты (Australian Open-2006, 2010, Уимблдон- 2005, 2008, US Open- 2004, 2005). Жұптық сында Үлкен шлем турнирінің 5 дүркін 1/4 финалисты (Уимблдон- 2004, 2005, 2007, 2011, 2013 Жұптық сында әлемдегі экс-3-ші ракетка. Жеке сында юниорлар арасында әлемдегі экс-3-ші ракетка. Жеке сында юниорлар арасында Үлкен шлемның 1 дүркін жеңімпазы (Roland Garros-1998). Жеке сында юниорлар арасында Үлкен шлемның 1 дүркін финалисты (US Open-1999). Жұптық сында юниорлар арасында Үлкен шлемның 1 дүркін финалисты (Roland Garros-1999). Жеке сында Orange Bowl-1998 турнирының 1 дүркін финалисты.
Жалпы Ақпарат Әкесінің аты Виктор Петров, анасының аты Надежда Ильина, екуіде кезіндегі атақты спортшылар болған. Әкесі тоқпақ лақтырушы, ал анасы Монреальда өткен 1976 жылғы жазғы Олимпияда ойындарында 4х400м эстафетасынан қола медалінің иегері болған.
8 жасынан бастап теннипен айналысады.
1999 жылдың 6 қыркұйек айынан бастап кәсіби теннисшы. Бапкері – Томаш Иванский.
Надежда 7 жыл қатарынан (2003 – 2009) жеке сында әлемдегі 20 ұздік теннисшылар қатарында болды.
АҚШ, Майамида қоныстаған. АҚШта Петрова Petrova Dream Team атты жекеменшік компаниясын ашқан. Тенниске арналған киім шығаратын жұмыстармен айналысуды ойластырып жұр. Балаларға арнап қайырымдылық акциялар өткізу ойында.
Марапаттары мен атақтары II дәрежелі медаль «За заслуги перед Отечеством» Ордені (13 тамыз 2012 жыл) – дене тәрбиесі және спортқа қомақты ұлес қосқаны, Лондонда өткен 2012 жылғы жазғы XXX Олимпияда ойындарында жоғарғы сторттық жетістіктері ұшін.
Жұптық сында Лондонда өткен 2012 жылғы жазғы XXX Олимпияда ойындарының қола медалінің иегері.
Спорттық карьерасы Жыл соңындағы рейтингі ЖылЖекерейтингіЖұптықрейтингі 2013 102 8 2012 12 5 2011 29 13 2010 15 8 2009 20 16 2008 11 20 2007 14 57 2006 6 23 2005 9 33 2004 12 7 2003 12 13 2002 111 21 2001 38 41 2000 62 143Рейтинг перед первым турниром следующего года. 1999 95 312 1998 142 1997 589 1321
Сілтемелер www.wtatennis.com www.itftennis.com www.fedcup.com