Ньоро (баньоро) — Уганда Республикасындағы Альберт көлінің бойын мекендейтін банту тобының халқы. Халқы 1,5 миллионнан астам (2022 жылғы бағалау), оның ішінде Конго Демократиялық Республикасында шамамен 250 000 адам.Ньоро https://bigenc.ru/c/n-oro-ac9246
Тілі Тілі - руньоро тілі, банту тілдерінің тобына жатады. Тілі мен мәдениеті жағынан баторо және баньянколе халықтарына жақын.Ньоро https://megabook.ru/article/%D0%9D%D1%8C%D0%BE%D1%80%D0%BE Жазуы (XIX ғасырдың аяғынан бастап) латын әліпбиіне негізделген.
Діні Ньоро арасында жергілікті дәстүрлі діни нанымдар сақталған, христиан діні де тараған.Значение слова НЬОРО в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1842992.html
Тарихы 15 ғ-да ньоро Буньора мемлекетін құрды, ал 1896 ж. Британияның ықпалдығындағы Уганданың құрамына кірді.Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Кәсібі Дәстүрлі кәсібі – мал өсіру (зебу-санга) және қолмен атқарылатын егіншілік (құмай, ямс, тәтті картоп, банан, отарлау кезінде – шай, мақта). Ньоролар – шебер ұсталар мен құмырашылар, геометриялық өрнектелген ыдыстар жасайды (көбінесе ер адамдар). Төсек тоқу, үйге арналған әшекей бұйымдар жасау дамыған.Народы и культуры Ньор https://travel-journal.ru/ethno/41/1108/
Өмір салты Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін рулық тайпалық топтар құрайды.
Олар - краалда тұрады. Тұрғын үйлері дөңгелек пішінді.
Дәстүрлі киімдері - бұл белге немесе иыққа айналатын былғары немесе талшық жамылғы.народы мира / Ньоро http://www.etnolog.ru/people.php?id=NORO
Дереккөздер
Санат:Уганда халықтары