Массачусетс () — АҚШ солтүстік-шығыс бөлігіндегі орналасқан штат. Атлант мұхитының жағалауында орналасқан. Астанасы және ең ірі қаласы - Бостон. Халық саны 2011 жыл бойынша - 6 587 536 адам.
Тарихы Еуропалықтардың қоныстауынан бұрын аймақта "массачусет" үндіс тайпалары мекендеген.
Мекенге 1602 жылы алғаш келген ағылшын - Бартоломью Госнольд.
Ағылшындарға қарсы көтерілістегі 13 америкалық колонияларының бірі болып, 1788 жылы 6 ақпанда ресми түрде АҚШ штаты болып жарияланды.
Географиясы Елдің 5 штатымен шектеседі: солтүстігінде-Нью-Гемпшир және Вермонт, оңтүстігінде- Коннектикут және Род-Айленд, батысында-Нью-Йорк штаттарымен.
Атлант мұхитының жағалауында бірнеше шығанақтардың болуына байланысты штат "шығанақтар штаты" ретінде танымал.
Экономикасы
Штаттың 2012 жыл бойынша Жиынтық Ішкі Өнімі-$404 млрд, бұл ел бойынша 11-ші көрсеткіш.Салыстырсақ,бұл штаттың ЖІӨ-і Бельгия елінің көрсеткішімен тең.Сравнение ВВП отдельных штатов США с разными странами мира
Негізгі экспорт өнімдері - теңіз өнімдері, сүт өнімдері және көкөністер.Өндірістің басты өнім салалары - станоктар, электрикалық жабдықтар және ғылыми құралдар.
Елдің экономикасына туризм және жоғары білім беру саласы үлес қосады.2013 жылы британдық компания QS Quacquarelli Symonds әлемдегі ең мықты университеттер рейтингіне сәйкес штаттың Массачусетс технологиялық институты 1-орынға ие болды.200 лучших университетов мира в 2013 ж.
Дереккөздер
Санат:АҚШ штаттары