Барқыт ағаш немесе Амурлық тозағаш () - Рута тұқымдасының Барқыттар сабына жататын ағаш.
Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 25 м-ге, ені 50-75 см-га жететін ағаш. Ол 300 жылға дейін тіршілік етеді. Қабығы ақшыл-сұр түсті, қыртыстанған, сопақша келген, үш жағы сүйір, ұнамсыз иісті.
Барқыт ағаш 18-20 жылда гүлдей бастайды. Маусымның соңында - шілде басында 10 күн гүлдейді. Гүлдері майда (диаметрінде 0,8 см), түсі - сарғылт-жасыл, 5 мүшелі, дара жынысты, 12 см ұзындығы сіпсебас гүлшоғырына жиналған.
Жемісі шар тәрізді, қара, диаметрінде 1 см-дей жалтыр сүйекжеміс. Қыркүйек айында піседі. Ішінде 5 дәні бар. Бір талдан орташа жылына 10 кг-дай жеміс жиналады.
Таралуы Барқыт ағаштың жабайы түрі Қиыр шығыста Зея өзеніне дейін, Оңтүстік Сахалинде, Жапонияда және Қытайда өседі.
Қолдануы Медицинада барқыт ағаштың қабығын, жапырақтарын, жемісін колданады. Өсімдіктің құрамындағы изохинолин алколоидтар (берберин), илік заттар, кумариндер, сапониндер Блинова К. Ф., Феллодендрон амурский, Ботанико-фармакогностический словарь : Справ. пособие|М.,издательство Высш. шк.,1990 антисептик, қызуды басатын, қан тоқтататын дәрі ретінде қолданылады. Корей халық медицинасында қантты диабетті емдеу үшін күніне 2-3 жемісін жеген өте пайдалы деп саналады. Дәстүрлі Тибет медицинасында ағаштың қабығының қайнатпасын аллергияда, дерматит, полиартриттерде, бүйрек, көз ауруларына қолданады.
Барқыт ағашынан жиһаз, шаңғы, фанер сияқты әр түрлі бұйымдар жасалады, авиация құрылысында пайдаланады. Өнеркәсіп үшін өсіп тұрған ағаштан тоз қабаты алынады.
Парктерде әсемдік үшін өсіріледі Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Дереккөздер
Санат:Руталар Санат:Евразия флорасы Санат:Дәрілік өсімдіктер