Барранкилья () - Колумбияның солтүстік-батысындағы қала, Атлантико департаментінің әкімшілік орталығы. Елдің Кариб теңізі жағасындағы басты порты және муниципалитет. Үлкендігінен Колумбияның төртінші қаласы. Шетке кофе, мал терісі, мұнай өнімдері шығарылады. Халқы - 1 694 879 (2005 жылдың мәліметі бойынша). Мата тоқитын, ұн тарататын, темекі, аяқ киім шығаратын, металл өңдейтін кәсіп-орындар, кеме верфі бар.
Қаланы «Колумбиның Алтын Дарбазасы» () деп аталып кеткенҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Галерея
Дереккөздер
Санат:Колумбия қалалары