Табақша тәрізді қоянжырықҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 () – ерінгүлділер тұқымдасы, қоянжырық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты Биіктігі 13-50 см. Сабағы тік,қарапайым немесе бұтақталған, сыртын, әсіресе төбе жағын қысқа әрі қалың түк басқан. Жапырағы ромб тәрізді, бас жағында түгі сирек, төменгі жағы қысқа түкті. Сағағы жалпақ, ұзындығы 10 мм-ден аспайды. Гүлжапырағы тек күлтебасының астында ғана болады, ұзындығы 3-8 мм. Гүлшоғыры 4-6 күлтебастан тұрады. Тостағаншасы түтікті, жіңішке қоңырау тәрізді. Екі жағын да қысқа түк басқан, түтігі түбіне қарай қалыңдайды. Күлтесі ашық қызыл түсті, күңгірттеу түсті тарамысы төменгі ернінде айқын байқалады. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, маусым-шілде айларында жемістенеді.

Өсетін жері мен таралуы Орта Азия мен Таяу Шығыста таралған.

Қазақстанда Балқаш көлі маңында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Қырғыз, Күнгей Алатауларында, Батыс Тянь-Шаньда тау етегіндегі құрғақ далалы өңірлерде, қиыршықтасты төбешіктердің жоғары жағында өседі.

Дереккөздер

Санат:Еріндігүлділер Санат:Қазақстан флорасы