Miles M.1 Satyr — 1930-жылдардағы Британдық бір орынды аэробатикалық биплан. Ұшақ конструкторы Фредерик Джордж Майлс оны өзінің George Parnall and Company компаниясында жасап шығарды.
Тарихы Satyr ұшағын Ф. Дж. Майлс 1932 жылы жобалап шығарды. Ағаштан жасаған бір орынды аэробатикалық биплан 75 ат күші бар Pobjoy Rengine қозғалтқышымен жабдықталды. Ұшақтың алғаш ұшуын 1932 жылы тамызда Ф. Дж. Майлстың өзі өткізді. Ұшақ жақсы ұшу сипаттамаларына ие болғанымен, тек бір дана өндірілді, себебі бұл кезде Майлс монопландар жасаумен айналысқан болатын. Өндірілген жалғыз Satyr (тіркеу нөмірі G-ABVG) 1936 жылы қыркүйекте әуе апатынан кейін жойылды.
Техникалық сипаттамасы Ұшақтың техникалық сипаттамасы :
Сипаттамалар Miles Satyr Экипаж 1 ұшқышҰзындығы 5,5 м Қанат жаймасы (үстіңгі) 6,4 мҚанат ені (үстіңгі) 1,067 мҚанат жаймасы (астыңғы) 5,8 мҚанат ені (астыңғы) 0,915 мҚанат ауданы 10,86 м²Бос ұшақ салмағы 269 кгЖүктелген ұшақ салмағы 386 кгМаксимал ұшу салмағы 408 кгМаксимал жылдамдығы 196 км/сағҚозғалтқыш Pobjoy RengineҚозғалтқыштың қуаты 75 ат күші
Дереккөздер
Санат:Спорттық ұшақтар Санат:Miles ұшақтары