Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі — үкімет құрамына енетін Қазақстанның орталық атқарушы органы, Қазақстанның сыртқы саяси қызметін атқаратын және Қазақстанның дипломатиялық қызметінің органдарының ортақ жүйесін басқаратын министрлік.

Тарихы Қазақ дипломатиясының тарихы Қазақ хандығы кезінде хандар дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытып, сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асырған кезеңнен бастауын алды. Хандықтың дипломатиядағы негізгі мақсаты сауда, саяхат жолдарын және халықаралық айырбас үшін сауда орталықтарын құру ниетімен аумақтарды кеңейту туралы келіссөздер жүргізу болды.

Қазақтардың алғашқы сыртқы істер министрлігі 1920 жылдардың басында Түркістан АКСР-ның дипломатиялық кеңсесі ретінде құрылды. Министрлікті басқарған адам Түркістан АКСР Сыртқы істер халық комиссары ретінде белгілі болды және ол басқарған мекеме Түркістан АКСР Сыртқы істер комиссариаты болып аталатын. Сыртқы істер министрі лауазымы тұңғыш рет 1944 жылы, «Одақтық республикаларға сыртқы байланыстар саласындағы өкілеттіктер беру және осыған байланысты Сыртқы істер халық комиссариатын Бүкілодақтықтан Одақтық-республикалық халық комиссариатына айналдыру туралы» заңынын қабылдануымен пайда болды. Бұл заң көмегімен Одақтас республикалардың шетел елдерімен тікелей дипломатиялық қатынасқа түсуіне мүмкіндік берді, бірақ сонда да сыртқы саясаттын басты функцияларын атқарған КСРО Сыртқы істер министрлігі еді.

Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алғанында ғана елдің қазіргі түріндегі Сыртқы істер министрлігі пайда болған еді. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов болды.

Басшылығы Сыртқы істер министрі — Мұхтар Тілеуберді Министрдің бірінші орынбасары — Ержан Ашықбаев Министрдің орынбасары — Арман Исетов Министрдің орынбасары — Ермұхамбет Қоныспаев Министрдің орынбасары — Арман Исағалиев Министрдің орынбасары — Ардақ Зебешев Министрлік аппаратының басшысы — Серік Кенжебаев

Құрылымы Министрліктің 2 комитеті бар. Олар: министрліктің реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты Инвестиция комитеті; елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ көрсетілген мақсаттарда өзге де қызмет салаларында оң имиджін нығайтуға және мемлекеттік саясатын іске асыруға жауапты Халықаралық ақпарат комитеті.

Министрліктің қарамағындағы ұйымдар қатарына «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ, «ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ және «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі», «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамдары жатады.

Міндеттері Сыртқы істер министрлігінің міндеттері қатарына сыртқы саяси қызмет саласын және Қазақстанның дипломатиялық қызмет органдарын басқару және инвестицияларды тарту жатқызылады.

Министрліктің ресми сайты оның қызмет бағыттары деп сыртқы саясат, визалар және консулдық мәселелер, инвестициялар, Еуразиялық интеграция, протоколдық мәселелер және қоғаммен өзара іс-қимыл атайды.

Министрлер тізімі

№ Суреті Аты-жөні Басқарған жылдары Үкімет басшысы 1 99px Төлеутай Сүлейменов желтоқсан1991 сәуір1994 Терещенко 2 99px Қанат Саудабаев 18 сәуір1994 12 қазан1994 Терещенко 3 99px Қасым-Жомарт Тоқаев 12 қазан1994 12 қазан1999 ҚажыгелдинБалғымбаев 4 99px Ерлан Ыдырысов 12 қазан1999 29 қаңтар2002 Тоқаев 5 99px Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қаңтар2002 11 қаңтар2007 ТасмағамбетовДаниал Ахметов 6 99px Марат Тәжин 11 қаңтар2007 4 қыркүйек2009 Мәсімов I 7 99px Қанат Саудабаев 4 қыркүйек2009 8 сәуір2011 Мәсімов I 8 99px Ержан Қазыханов 11 сәуір2011 24 қыркүйек2012 Мәсімов I 9 99px Ерлан Ыдырысов 28 қыркүйек2012 28 желтоқсан2016 Серік АхметовМәсімов IIСағынтаев 10 99px Қайрат Әбдірахманов 28 желтоқсан2016 26 желтоқсан2018 Сағынтаев 11 99px Бейбіт Атамқұлов 26 желтоқсан2018 18 қыркүйек2019 СағынтаевМамин 12 99px Мұхтар Тілеуберді 18 қыркүйек2019 29 наурыз2023 МаминСмайылов I 13 99px Мұрат Нұртілеу 3 сәуір2023 26 қыркүйек2025 Смайылов IIБектенов 14 99px Ермек Көшербаев 26 қыркүйек2025 28 тамыз2026 Бектенов I 15 99px Мұхтар Тілеуберді 2 қыркүйек2026 Бектенов II

Дереккөздер

С