Джейсон Стэтхэм () — ағылшын актері, продюсер.
Өмірбаяны Джейсон бала кезінде футболмен де айналысқан (1978-83), алайда суға секірумен кәсіби айналысты. 12 жыл бойына Стэтхэм суға секіруден британдық ұлттық құраманың қатарында сайыстарға қатысып, 1992 жылы Әлем Чемпионатында 12-ші орынға ие болды.
Оның әкесі бокспен және гимнастикамен айналысқан және ұлын да өзі білген өнерге үйретуге тырысқан. Джейсон төбелес өнерін жетік меңгерген, джиу-джитсумен тұрақты айналысады.
Тоқсаныншы жылдардың соңында бір жарнама агенті Стэтхэмді жарнама кампаниясына қатысуға шақырады. Осыдан кейін актер джинс жарнамасына түсіп, сол брендтің басты тұлғасына айналды. Сол кезеңнен бастап оның модельдік карьерасына жол ашылады.
Мансабы Джейсон жарнамалап жүрген компанияның иесі күндердің күнінде Гай Ричидің тұңғыш картинасы - "Карта, ақша және түтіні шыққан екі мылтық" ("Lock, Stock and Two Smoking Barrels") фильмінің продюсері болады, және режиссерге Джейсонның кандидатурасын осы фильмге ұсынады. Ричи бірқатар сынаулардан кейін оны фильмге түсіруге қабылдайды.
2000 жылы Стэтхэм Риччидің "Қармау" ("Snatch") атты келесі криминалды комедиясында басты рөлдердің біріне ие болды.
2000-жылдардан бастап Стэтхэм үлкен кино әлеміне нық қадам басты. "Дауысын шығар" ("Turn It Up") деп аталатын америкалық фильмде есірткі саудасымен айналысатын ағылшынның рөлін сомдаса, содан кейін Джон Карпентердің "Марс елестері" ("Ghosts of Mars") фантастикалық триллеріне, Джет Лимен бірлесіп "Жалғыз" ("The One") фантастикасына бас рөлдерге шақырту алды.
Джейсонды танымал еткен фильм "Тасымалдаушы" ("Transporter") картинасы болды. Бұл фильм көрермендер арасында үлкен құрметке ие болды, ал үш жылдан кейін шыққан жалғасы бастапқысы жинаған касса жинағынан да көп пайда әкелді.
Жеке өмірі Шамамен жеті жыл бойы Джейсон ағылшын моделі және актриса Келли Брукпен кездесті (2004 жылға дейін). Кейін Джейсон әнші Софи Монкпен кездесті, бірақ ол көп ұзамай ажырасып кетті. 2010 жылдың сәуір айынан бастап Роузи Хантингтон-Уайтли моделімен кездеседі. 2017 жылдың 24 маусымында Джейсон мен Роузидің ұлы Джек Оскар Стейтем дүниеге келді. 19 тамыз 2021 ж. ерлі-зайыптылардың екінші баланың пайда болуын күтетіні белгілі болды.
Фильмография ЖылАтауыТүпнұсқа атыРөль1998фКарты, деньги, два стволаLock, Stock and Two Smoking BarrelsБекон2000фБольшой кушSnatchТүрік2000фСделай погромчеTurn It Upмистер Би2001фМарс елестеріGhosts of Marsсержант Джерико Батлер2001фПротивостояниеThe Oneагент МВА Эванс Фунш2001фКостоломMean MachineМонах2002фТасымалдаушыThe TransporterФрэнк Мартин2003фОграбление по-итальянскиThe Italian JobХодок Роб2004фСоучастникCollateralНезнакомец2004фСотовыйCellularИтан Грир2005фТасымалдаушы 2Transporter 2Фрэнк Мартин2005фЛондонLondonБейтмен2005фРевольверRevolverДжейк Грин2005фХаосChaosдетектив Квентин Коннерс2006фҚызғылт ПантераThe Pink PantherИв Глюан2006фАдреналинCrankЧев Челиос2007фВо имя короля: История осады подземельяIn the Name of the King: A Dungeon Siege TaleКемден «Фермер» Конрейд2007фСоғысWarКроуфорд2008фОграбление на Бейкер-стритThe Bank JobТерри Лезер2008фСмертельная гонкаDeath RaceДженсен «Франкенштейн» Амес2008фТасымалдаушы 3Transporter 3Фрэнк Мартин2009фАдреналин 2: Высокое напряжениеCrank: High VoltageЧев Челиос2010фОн үш13Джаспер2010фЖанқиярларThe ExpendablesЛи Кристмас2011фМеханикThe MechanicАртур Бишоп2011мфГномео және ДжульеттаGnomeo and JulietТибальт2011фБез компромиссовBlitzТом Брант2011фПрофессионалKiller EliteДэнни Брайс2012фҚорғаушыSafeЛюк Райт2012фЖанқиярлар 2The Expendables 2Ли Кристмас2013фПаркерParkerПаркер2013фЭффект колибриHummingbirdДжоуи Джонс2013фФорсаж 6Furious 6Деккард Шоу2013фПоследний рубежHomefrontФил Брокер2014фЖанқиярлар 3The Expendables 3Ли Кристмас2015фШальная картаWild CardНик Уайлд2015фФорсаж 7Fast & Furious 7Деккард Шоу2015фШпионSpyРик Форд2016фМеханик: ВоскрешениеMechanic: ResurrectionАртур Бишоп2017фФорсаж 8The Fate of the FuriousДеккард Шоу2018фМег: Монстр глубиныThe MegДжонас Тейлор2019фФорсаж: Хоббс және ШоуFast & Furious Presents: Hobbs & ShawДеккард Шоу2021фГнев человеческий (постпроизводство)Wrath of ManЭйч
Сыртқы сілтемелер IMBd сайтында