Джерси ( , , ) — Ла-Манш бұғазында орналасқан арал. Норманд аралдарының құрамына енеді. Сол аралдардың ішінде ең ірісі (116 км²) болып табылады.

Халқы — 97 857 адам (2011). Джерси — Британ монархиясының мемлекеттік иелігі, алайда Ұлыбритания бөлігі болып саналмайды. Біріккен Патшалықтың міндеті — Джерсиді қорғау. 1973 жылы Ұлыбритания Еуропалық одаққа мүше болып кірді, сондықтан Норманд аралдары мен Гибралтар Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығы арқылы Еуроодаққа мүше болып есептеледі.European Communities Act 1972 — Ероодақ Джерсидің өзіндік парламенті — Джерси Штаттары бар. Джерсидің мемлекеттік иеліктеріне бірнеше кіші арал енеді.

1940 жылдың 1 шілдесінен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында нацистік Германиямен оккупацияланған, Сондықтан бұл ел үшін 9 мамыр — Азаттық күні болып есептеледі.

Бұл жерде джерсилік тұқымды майлылығы жоғары сүт беретін сиырлар өсіріледі, сондай-ақ әйгілі трикотаж матасы (Джерси матасы) осы аралдың атын иеленгенPortrait of the Channel Islands, Lemprière, London 1970 ISBN 0-7091-1541-5. Аралдың құрметіне АҚШ штаты — Нью-Джерси аталынған.

Аралдың ең танымал тұрғыны — натуралист және жазушы Джеральд Даррелл, Джерсилік зообақтың негізін салушы.

Тағы қараңыз Нью-Джерси — АҚШ штат.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Джерси аралының мәнеттері Джерси аралы Туристерге Джерси туралы 750 кг кельттік мәнет. Сурет

* Санат:Алфавит бойынша аралдар