Тарбағатай аймағы ( — Қытай Халық Республикасы, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Іле Қазақ автономиялық облысына қарасты әкімшілік аймақ. Батысында Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысымен шығысында Алтай аймағымен шектеседі. Әкімшілік орталығы Шәуешек қаласы. Бүкіл Шәуешек қаласының ауданы 98 824 шаршы километрді құрайды, тұрғындарының саны 892 397 жан (2000).
2000 жылғы санақ бойынша округтің ұлттық құрамы төмендегідей болған:
Ұлты Саны Округ халқындағы үлес салмағы қытайлар 522.829 58,59% қазақтар 216.020 24,21% дүңгендер 66.458 7,45% ұйғырлар 36.804 4,12% моңғолдар 29.759 3,33% дұңсяндар 5.500 0,62% даурлар 4.533 0,51% орыстар 2.948 0,33% қырғыздар 1.870 0,21% сібе 1.536 0,17% басқалар 4.140 0,46%
Шәуешек қаласының өзінде 1994 жылы бағаланғандай 56 400 адам тұрған.
Даурлар мен сібелер Шәуешек қаласына Қиыр Шығыстан 1764 жылдары Қытайдың батыс шекарасын бекіту мақсатымен көшірілген
Шәуешектегі Православ шіркеуі Мәдени төңкеріс кезінде қиратылған болатын, енді жергілікті орыс қауымдастығының серкелері оны қайта тұрғызуға жергілікті билік орындарынан көмек сұрауда.XINJIANG: Security service investigation followed Orthodox priest's deportation (September 2004)
Халқы Жан саны 994.776 адам, жер көлемі 104,546 шаршы шақырым. Халық тығыздығы шаршы шақырымға 16 адамнан келеді.
Хатшылары Li Fengzi -1991.05 Li Guimao 1991.06-1994.07 Wu Qilin 1994.07-2000.04 Tang Dingbang 2000.04-2004.11 Peng Jiarui 2004.11-2011.07 Zhang Bo 2011.07-2015.01 Xue Bin 薛斌 c 2017.03
Уәлилері Баспай Шолақұлы 1945-1952http://old.baq.kz/kk/news/kitai_kazaktari/baspai-baidin-auilinda-1411 Арыстанбек (阿尔斯坦别克) 1983.-1993.06 Алпысбай Рахымұлы 1993.06-1997.01 阿勒布斯拜·拉合木 Қызайжан Сейілқожаұлы 柯赛江·赛力禾加 1996.12-2003.01 Тілепалды Әбдірашид 2003.01-2008.01 铁力瓦尔迪·阿不都热西提 Мәнен Зейнелұлы 马宁·再尼勒 2008.01-2012.04 Ақанұлы Сарқыт 沙尔合提·阿汗 2012.04-2016.06 Мұқият Жармұқамет 木合亚提·加尔木哈买提, 2016.06-бастап Керей, Абақ, Меркіт Айдын Төлеуханұлы 2021 бастап
Дереккөздер
Санат:Іле Қазақ автономиялық облысы