Түркияда президентті сайлауы 10 тамыз 2014 жылы өтті. Көпшілік дауыспен Түркияның қазіргі Премьер-министрі Рәжәп Тайип Эрдоған сайлауда жеңіске жетті.
Жағдайы Президенттік сайлау туралы заң 2012 ж. 20 қаңтарда қабылданып, іске аса бастады. Заңға сәйкес кезекті президент сайлауы 2012 жылдың орнына 2014 жылы өтеді деп шешілді. Сайлаудың уақыты Түркия президенті Абдулла Гюльдің 7 жылдық мерзімі бітуіне 60 күн қалған аралықта өтуі тиіс. Ең ыңғайлы кезең тамыздың 10 мен 17 аралығын қамтыды. Абдулла Гюль жанама сайлау арқылы сайланған Түркияның соңғы президенті болды.
Жаңа сайлау туралы заңға премьер-министр өз қызметінде бола тұра сайлауға түсу құқығына ие болатыны еңгізілді. Сонымен қатар бұрынғы Түркияның президенттері Кенан Еврен, Сүлеймен Демирель, Ахмет Недждет Сезер және сол кездегі лауазымдағы Абдулла Гюль екінші рет президент болуына тыйым салынды. Бірақ Түркия конституциялық соты бұл шешімді заңға қайшы деп таныды.
Президентті сайлау науқаны "америкалық үлгіде" өтетіндігі жарияланды. Яғни, сайлау алды кампанияны қолдауға жеке тұлғалар ғана ақша беруге құқылы болды. Әрбір тұлға 8,259 TL (шамамен 695 мың KZT) артық қаржы бере алмайды.
Үміткерлер Рәжәп Тайип Эрдоған, Түркия премьер-министрі. Экмеледдин Ихсаноғлы, Ислам ынтымақтастық ұйымы төрағасы. Түркия Республикалық Халықтық Партия мен Ұлтшылдар Қозғалысы Партиясы ұсынған үміткер.) Селахаттин Демирташ, Демократиялық Халықтық Партия басшысы.
1 тамыз ақпараты бойынша үміткерлердің сайлау кампаниясына жинаған қаржы көлемі. Үміткер Донорлар саны Жалпы қаржы көлемі (TRY) Рәжәп Тайип Ердоған 90,382 24,337,697 Экмеледдин Ихсаноғлы 2,172 2,130,922 Селахаттин Демирташ 3,689 753,133
Алғашқы нәтижелері
ҮміткерДауыстар%Рәжәп Тайип Эрдоған21,000,26051.79Экмеледдин Ихсаноғлы15,587,13238.44Селахаттин Демирташ3,958,5109.76Жарамсыз бланктер737,871–Жалпы41,283,773100Тіркелген дауыс берушілер/қатысуы55,692,84174.13Дереккөз: YSK (ресми праймериз нәтижелері)
Дереккөздер
Санат:Елдер бойынша президент сайлаулары Санат:Түркия саясаты Санат:2014 жыл