Егембердиев Жұмақадыр (1929 ж. т. ), қырғыз жазушысы, аудармашы. Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. 50 - ге жуық радиоқойылым жасады, оның ішінде Әуезовтің "Абай жолы" негізінде түзілген радиопьеса бар(1 - кітап бойынша, 1954). Әуезовпен 1952 жылы "Манас" эпосына арналған ғылыми конференцияда танысқан. Мәскеуде аспирант кезінде Әуезовтың КСРО халықтарының әдебиетә туралы лекциясын тындаған, "Қазақ - қырғыз халықтарының әдеби байланыстары" деген тақырыпта аспиранттық курс жұмысын жазған. 1997 жылы 10 - 15 шілдеде Қырғызстанда Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына байланысты өткізілген халықаралық ғылыми - практикалық конференцияға қырғыз делегациясының құрамында қатысып, "Әуезовтің қырғыз әдебиетін дамытудағы рөлі" деген баяндама жасады.Мұхтар Әуезов Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан тұлғалары

Санат:Тұлғалар