Әсем астрагал () – Бұршақ тұқымдасының Астрагал тегінің жартылай бұташық өсімдігі.
Таралуы Тек Батыс Тянь- Шаньда (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары) кездеседі. Тасты, ірі қиыршық тасты беткейлерде, тау етегінен жоғары тау белдеуіне дейінгі аралықта өседі.
Ботаникалық сипаттама Жартылай бұташық. Биіктігі 50 см, мықты бұтақтанған, кішкентай діңімен ірі барынша тығыз түп құрушы.
Жапырағы жұпсыз, қауырсынды, қатты сабақты. Қатайған жапырақшалары мен түгінің қалыңдығынан күміс тәрізді болып көрінеді.
Тығыз көп гүлді, гүлшоғыры барынша ұзын гүлтабанына жиналған.гүлдердің тостағаншасы түтікті,кеңірек шар тәрізді көбіктенген (1 см дейін), сәл күлгіндеу, ақ қалың түктер басқан, күлтесі тостағаншалардан екі есе ұзын, күлгін сия көк, бас жағында ойықты жалау және қанаттарымен. Мамыр-маусымда гүлдейді. Жемістері сопақ екі ұялы, қабықты бұршақтар, шілдеде піседі.
Қолдануы Ерекше декоративті өсімдік, мәдени түрде зерттелмеген.А.А. Иващенко "Қазақстанның өсімдіктер әлемі"
Дереккөздер
Санат:Бұршақтар тұқымдасы