Қырымшақ тілі (өз атауы: кърымчах тыльы) - Түркі тілдердің қыпшақ тілдері тармағының бір тілі. Қазіргі қырымшақ тілінің ауызша сөйлеуінде де, жазбасында да оғыз тілдерінің элементтері көп, сол себепті қырымшақ тілін аралас қыпшақ-оғыз тіліне жатқызуға болады.
Сөйлеушілер саны Қырымшақ тілін ана тілі деп санайтын қырымшақтар саны Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Қырым өлкесінде 6 000-дай болған. 1941—1944 жылғы неміс басқыншылығынан кейін қырымшақтардың саны күрт азайып, 1000 шақты адам тірі қалды: олар - соғысқа қатысып немесе көшіп кетіп аман қалғандар болды. Қазіргі таңда қырымшақ тілін ана тілі деп есептейтін егде жастағы 3 адам қалды, олардың бірі, Давид Реби, 2004 жылы қырымшақ тілін қысқаша сипаттап, қырымшақ - орыс сөздігін құрды. Соңғы қырымшақ тілінде сөйлеген әйел - Виктория Багинская (Гурджи) 2012 жылы Краснодарда қайтыс болған.
Жазуы 1930 жылғы латын жазуын қолданған қырымшақ әліпбиі: A a C c Ç ç D d E e F f G g H h I i J j Ь ь K k Q q L l M m N n O o P p R r S s Ş ş T t U u Y y V v Z z
1930-шы жылдардың соңынан бастап кирилл жазуына негізделген қырымшақ әліпбиіРебе Д. И.,Крымчакский язык. Крымчакско-русский словарь,Симферополь,изд.Доля,2004,224 бет,isbn=966-8584-26-0,тираж 1000: А а Б б В в Г г Гъ гъ Д д Е е З з И и Й й К к Къ къ Л л М м Н н Нъ нъ О о Ӧ ӧ П п Р р С с Т т У у Ӱ ӱ Ф ф Х х Ч ч Чъ чъ Ш ш Ы ы Ь ь Э э
Түркі тілдерімен салыстыру Қырымшақ тілінде Түрікше Қазақша kılıç kılıç қылыш arıslan aslan арыстан yaka yaka жаға yulduz yıldız жұлдыз yaş yaş жас yol yol жол kalkan kalkan қалқан yanhı yeni жаңа yel yel жел tülkü tilki түлкі sıçan sıçan тышқан imirtha yumurta жұмыртқа taş taş тас altın altın алтын tengiz deniz теңіз kumuş gümüş күміс ögüz öküz өгіз koy koyun қой suv su су at at ат agaç ağaç ағаш yeşil yeşil жасыл
Виктория Багинская (Гурджи) жазған қырымшақ тіліндегі мақалhttp://www.ug.ru/archive/1248 «Учительская газета», № 34 19 тамыз 2003 ж. Виктория БАГИНСКАЯ Слышу голоса их днем и ночью я…:
Кім су таппаса - ишпейді, кім көпір таппаса - көшпейді
Әдебиет Д.И.Реби. «Крымчакский язык. Крымчакско-русский словарь.» Симферополь, 2004
Дереккөздер
Санат:Түркі тілдері