Құлтансор – Нұра алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде, Есенгелді ауылынан батысқа қарай 22 км, теңіз деңгейінен 416 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 14,1 км2 (көктемде 16,0 км2-ге ұлғаяды), ұзындығы 5,7 км, ендірек жері 3 км. Жағалау сызығының ұзындығы 33,5 км, орташа тереңдігі 0,4 м (ең терең жері 1 м). Су жиналатын алабы 134 км2. Суы тұзды. Қарашаның аяғында мұз қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Негізінен көктемгі қар суымен толығады.

Жағалау сипаты Жағалауы екі террасадан, жиі тілімденген түбектер мен шығанақтардан тұрады. Көлде 8 арал бар, түбі тегіс, лай. Жағалауында бетеге, жусан, қараған, жыңғыл өседі. Көлде аққу, қаз, үйрек, т.б. құстар ұя салады. Кейінгі жылдары көл суы тартылып, таязданып келеді. Жауын-шашын аз жылдары құрғап қалады немесе шалшық суға айналады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы