Парваначи, парвоначи — Орта Азия хандықтарындағы жоғары лауазым. 18 ғасырда Бұхар хандығындағы мансап хақындағы тізімде Парваначи ханнан кейінгі дәрежедегі атақ. Олардың негізгі міндеті — хан жарлықтарын тапсырып, оның орындалуын бақылау. Қоқан хандығында Парваначи уәлаят билеушісі міндетін атқарды. Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедия, 9 том
Санат:Терминология