Түркептер (Streptopelia turtur) - жоны шұбар, орташа денелі (110-130 г, қанатының алымы - 56 см шамасында) құс.

Дауысы - әлсіз биязы, «туррр, туррр» деген құбылмалы үн шығарады.

Таралуы Оңтүстік және Орта Еуропаның, Солтүстік Африка мен Азия орталық бөлімінің сан алуан жапырақты ормандары мен тынымбақтарында қоныстанады. Қазақстанда Қиыр Солтүстік (Ресей шекарасында) және солтүстік шығыстан басқа ұяларға қолайлы жағдай таба алатын барлық жерлерде дерлік өмір сүреді. Бұлар - жыл құстары, сәуірдің аяғы - мамырда ұшып келіп, қыркүйекте ұшып кетеді. Биологиялық сипаттама Ұяларды ағаштардың, кейде бұталардың бұтақтарына орналастырады. Бұл бірнеше бұтақтар тасталған, саңылауларынан 2 ақ түсті жұмыртқа көрінетін өте қобыраған ұя. Салындыдағы жұмыртқаларды ата-енелері басып, балапандарды бірлесіп қоректендіру үшін бір айға жуық уақыт жұмсалады. Балапандар азды-көпті өз бетімен өмір сүре бастағанда ата-енелері екінші балапандар өргізетін ұяны салуға кіріседі. Бір жазда екі рет балапан өргізіп үлгереді. Дереккөз 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.

Санат:Кептертәрізділер Санат:Еуразия құстары