Франсииско Роман Аларкон Суарес (исп. Francisco Román Alarcón Suárez), көбінесе Иско деп атайды (исп. Isco; 1992 жылы 21 сәуірде Бенальмадена қаласында Андалусияда туылды) — испаниялық футболшы, «Реал Бетис» футбол клубы мен Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы. Лондондағы Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Клубтағы мансабы Валенсия Иско жалпы Валенсияның тәрбиеленушісі.Алғаш матчын Испания Кубогінде «Логроньес» клубына қарсы өткізіп, дубль жасады. Алғаш рет Ла Лигада 2010 жылы 14 қазанда «Хетафе» командасына қарсы өткізіп, «Валенсия» 2 : 0 есебімен жеңіп, Иско 73 минутта шықты.

2010/2011 маусымда Иско қосалқы команданың құрамында ойнап,15 гол соғып, командасына үшінші дивизионға шығуға көмектесті. Малага 2011 жылы шілденің ортасында Малага Исконы 6 млн.еуроға сатып алды.Алғаш матчын 22 қыркүйекте Барселонаға қарсы өткізді. Ал 21 қарашада алғаш голын Расинга клубының қақпасына соқты.

2012 жылы Малаганың алғаш Чемпиондар Лигасындағы ойынында,Иско екі гол соғып , Зенит клубын 3:0 есебімен жеңді.

2012 жыл біткеннен кейін Иско Golden Boy лауызымын жеңді.

Барлығы Малага үшін жас талант 65 матч ойнап, 14 гол соқты.

Реал Мадрид 2013 жылы 27 маусымда Иско Реал Мадридқа көшіп,5 жылдық контракка қол қойды. Трансфер құны 30 млн.еуро болды. 18 тамызда алғаш матчын ойнап,«Бетис» клубына гол соғып,сондай-ақ Карим Бенземаға нәтижелі пас шығарды. 1 қыркүйетке «Атлетик Бильбаоға» алғаш дубльін жасады.17 қыркүйекте Иско Чемпиондар Лигасындағы алғаш гол Галатасарай клубына тығып , Криштиану Роналдуға голдық доп шығарды

Ұлттық құрамадағы мансабы 2013 жылы 6 ақпанда алғаш ойының жолдастық Уругвайға қарсы ойында өткізіп,2 таймда Андрес Иньестаны ауыстырып шықты.

Жетістіктері

Командалық «Реал Мадрид»

Испания чемпионы (2): 2016/17, 2019/20, 2021/22 Испания кубогы: 2013/14 Испания суперкубогы (2): 2017, 2019/20, 2021/22 Чемпиондар лигасы (4): 2013/14, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2021/22 УЕФА суперкубогы (3): 2014, 2016, 2017 Клубтар әлем чемпионаты (4): 2014, 2016, 2017, 2018

Жеке

Жылдың жаңа есімі: 2012 Golden Boy жүлдесі: 2012

Сілтемелер soccerway сайтында профилі transfermarkt сайтында профилі

Санат:Испания футболшыларыСанат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары

Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Малага ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Реал Бетис ФК ойыншылары