Теңіз сүңгуір (Aythya таrilа) - айдарлы сүңгуірге ұқсас едәуір ірі денелі (750-1200 г) сүңгуір үйректердің бірі.

Биологиялық сипаттама Аталығының басы, мойны, төсі және құйрығы, жоны - қара, бауыры - ашық сұр, екі қапталы-ақ. Аналықтың негізгі реңі - қоңыр, ал көзінің айналасында жалпақтығы бір сантиметрден көбірек айқын көрінетін ақ шеңбері болады. Ұшып жүрген құстан қанатының сыртқы қыры бойлай созылған соң, жолақ жақсы байқалады. Таралуы Бұл солтүстік үйрегі тундрада және Еуразияның солтүстік бөлігіндегі тайгада, Солтүстік Американың батыс бөлігінде ұялайды. Теңіз сүңгуірінің ұялау биологиясы сүңгуірлердің басқа түріне ұқсас. Қазақстанда тек қана көктемгі (сәуір - мамырдың басы) және күзгі (қыркүйек - қазан) ұшып өту кезінде кездеседі.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.

Дереккөздер

Санат:Сүңгуір үйректер Санат:Еуразия құстары