Балқаш маңы жазығы – Балқаш көлінінің оңтүстік жағында, оңтүстік-шығысында Жоңғар (Жетісу) Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу-Іле тауларының аралығында жатқан аймақ.

Жер бедері Жазықтың құрылысына тән өзіндік ерекшелігі - жекелеген таулы қыраттармен көмкерілген. Балқаш маңы жазығында көптеген құрғақ арналар (Бақанас) кесіп өтетін құмды шөл Тауқұм, Сарыесікатырау құмы және Бақанас тақырлы, сазды-құмды жазығы созылып жатыр. Балқаш маңы жазығында қырқалар мен бекіген құмды жалдар басым, төбелі құмдар мен сазды-құмды жерлер кәдімгі шағылдармен алмасып отырады.

Су торабы Жазықты Балқаш су алабының өзендері ағып өтеді, ірілері: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы географиясы Санат:Жетісу облысы географиясы Санат:Қазақстан жазықтары