Үлкен тағанақ (Lanius excubitor) — тағанақтардың ішіндегі ең ірі денелісі (64–92 г).

Биологиялық сипаттама Үлкен тағанақтың жоны - таза сұр түсті, бауыры - ақшылдау. Қара қанатында ірі ақ «көзтартар» болады, құйрығы қара бұлқын қауырсындардың ұшы ақ болып келеді. Қылығы, дауысы және бүкіл өмір сүру дағдысы барлық тағанақтар типтес. Қазақстанда құрлықтың сексеуілді ормандарында қоныстанады (нағыз жарқын шөл түршесі), мұнда ол кей жерлерде әдеттегідей. Сондай-ақ Жоңғар Алатауы, Алтайдың таулы ормандарында да ұялайды. Мұнда едәуір қошқыл түсті басқа түршелердің құстары мекендейді, олардың барлығы наурыз-сәуірде ұшып келеді де, қыркүйек-қазанда ұшып кетеді. Бұдан басқа үлкен тағанақтың тағы солтүстік түршелері бар. Олар аққанаттылар деп аталады, Қазақстанның шегінен тысқары ұялайды және бізге қараша-желтоқсанда ұшып келіп, наурыз-сәуірде ұшып кетеді. Қыстың ашық, мамыражай күнінде бұл қыстайтын тағанақтарды тау етектерінен ғана емес, тіпті таулардан да кездестіруге болады.

Дереккөздер

Санат:Тағанақтар Санат:Еуразия құстары