Аққұйрықты тарғақ (Vanellus leucurus) — дене бітімі қызғышты еске түсіретін балшықшы құстардың бірі.
Дене мөлшері қызғыштан кішірек (140-150 г) және сирағы да ұзынырақ. Жоны - түтін түстес сұрғылттау, төсі - күлгін сұр, беткі бөлік, құйрық және қанатының көпшілік бөлігі - ақ. Құс ұшып жүргенде сұр жонын және қанаттың түбін көмкеретін жалпақ ақ жолақ жақсы көрінеді. Орта және Оңтүстік-Шығыс Азияда қоныстанады. Қазақстанда шөл зонаның өзендері мен көлдерінің жағаларын бойлай орын теуіп, негізінде оңтүстік бөлікте өмір сүреді. Басқа тарғақтар сияқты шағын қауымдасы- ның тыныштығын ұжымдаса қорғап, сирек шоғырлармен ұялайды. Ұяларын суға жақын құрғақ орындарға орналастырады. Салындыда 3-4 шүбар жұмыртқа болады. Ұялау өмір сүру дағдысы егжей-тегжейлі нашар зерттелген.
Сирек кездесетін құс. Қазақстанда наурыздан қыркүйекке дейін болады.
Дереккөздер
Санат:Татреңтәрізділер Санат:Еуразия құстары