Кішкене сұқсыр () — Қазақстандағы кішкене сұқсырлар туысының жалғыз өкілі. Басқа сұқсырлардан айырмашылығы дене мөлшері кішкене (200 г шамасында), бүкіл денесі қошқыл реңді, басында әлемденетін қауырсындары жоқ, сондай-ақ ауыз езуінде тері қатпары да болмайды. Солтүстіктен де кездесетіні белгілі болса да, еліміздің барлық оңтүстік жартысында су бетінде қалқыған өсімдіктері бар тоқтау суды суқоймалардың барлығында орын тебеді. Нағыз оңтүстікте жыл бойы кездеседі.

Бойын жасырып өмір сүреді, қамыс- қоғалы жерлердің маңында болады, аз- ғана қауіп төнсе, суға сүңгіп кетеді. Су бунақденелілерін, ұлуларды қорек етеді, ұсақ балықтардың азықтық үлесі онша емес. Балапандары ширақ балапандылар типіне жатады, алайда олар ересек құстардан қылығы, белсенділігі, ширақтылығы және елеулігі бойынша соғұрлым ерекше болғандықтан, балапандарды басқа түрге санаған да кездер болды.

Дереккөздер

Санат:Сұқсыртәрізділер Санат:Еуразия құстары Санат:Алфавит бойынша жануарлар Санат:Африка құстары