Қусақ – Көксу өзенінің оң саласы. Ұзындығы 67 км, су жиналатын алабы 223 км².
Географиялық орны Жетісу облысы Ескелді ауданының жерімен ағып өтеді. Бастауын Суықтөбе тауының солтүстігінен алып, Елтай ауылының тұсында Көксу өзеніне құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы бөлігінде тар шатқал арасымен өтеді. Орта ағысына дейін аңғары тар келген. Көктемде қар еріген кезде ағысы қатты, суы мол болады. Өзен суы шағын егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады. Жаздың соңғы айларында төменгі ағысының суы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ескелді ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы