ҚАПАЛ КӨШЕСІ – Тараз қаласындағы ертеден келе жатқан әрі үлкен көшелердің бірі. Тараз қ-ндағы ең ежелгі қоныстар Қапал көшесі бойында болған. Қапал Ұлы жүздегі ру аты. Оның негізін қалаған Қапал батыр деген дерек бар. Кеңес дәуірінде бұл қоныс көшеге айналып, марксизм-ленинизмнің негізін қалаушы К. Маркстің есімі беріледі. Егемендік алған соң көшеге тарихи атауы қайтарылды.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том
Санат:Тараз көшелері