Қоғалы - Қамыскөл көлінің солтүстік-батысындағы қыстау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Жақсыкөл ауылының оңтүстік батысында 12 км жерде орналасқан. Солүтстігінде Саралжын, оңтүстігінде Қарамұзсор жайлаулары, батысында Батпақшар, Бетшағыл, шығысында Қайысқұдық, Алданжар қыстаулары бар.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта шоғырлары аралас бетеге, қылқанбоз, еркек шөп, көде, боз, жусан өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе облысы қыстаулары