Шульц Рихард Соломонович (16.06.1886, Саратов қаласы, - 09.10.1973, Алматы) - совет гельминтологының биолог ғылым докторы (1935), профессор (1939). ҚазССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1956).
Өмірі туралы қысқаша мәлімет Азамат соғысына (С.М. Буденныйдың 1-Атты армиясы) және басмашыларды жоюға (Түркістан майданының Бұхар әскери тобы) қатысқан. Саратов университетін бітірген (1919). 1923-1924 жылдары паразиттік ауруларды зерттеу жөніндегі Бұқар экспедициясының қызметкері. 1924-1929 жылдары Бүкілодақтық эксперименттік малдірігерлігі институтында (Москва) гельминтология бөлімінің ассистенті. 1929-1941 ж. Бүкілодақтық гельминтология институтының директорының орынбасары. 1947-1967 ж. Қазақ малдәрігерік ғылыми-зерттеу институтында аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі , 1968 жылдан ғылыми консультант болды. Негізгі ғылыми еңбектері гельминттер морфологиясы мен биологиясына, филогенезі мен систематикасына, сондай-ақ мал гельминтоздары иммунологиясы мен патогенезіне, оларды анықтау, емдеу, олардан сақталу мәселелеріне арналған. Шульц шошқа аскаридозы мен өкпе гельминтоздары, мал эхинококкозы кездерінде мал денесіндегі құрттарды айдап шығу әдісін ұсынды, ішек цестоздарынан сақтану негіздерін салып, қой өсіретін шаруашылықтарды эхинококкоздан т.б. гельминтоздардан арылту жолдарын белгілеп берді.
Шығармалары Шығармалары: Гельминты человека(1929); Гельминтозы крупного рогатого скота и его молодняка(1937); Гельминты и гельминтозы сельскохозяйственных животных(1964); Основы общей гельминтологий (1970-1976).«Қазақ ССР» 3-том қазақша энциклопедия
Дереккөздер