Қарасу – Қарасор көлі алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 57 км, су жиналатын алабы 661 км².

Бастауы Бастауын Желтау тауларының оңтүстік баурайындағы бұлақтардан алып, Қоянды ауылынан төменде Қарасор көлінің шығысындағы батпаққа құяды.

Гидрологиясы Арнасының сол жағалауы тік жарқабақты, орта ағысының оң жағалауында шағын тұзды көлдер кездеседі. Батпаққа құяр сағасындағы арнасы кең. Жалпы ұзындығы 49 км болатын 15 саласы бар. Ең ірісі - Жандар (18 км). Арнасында жыл бойы ағыны болады. Жағалауы мал жайылымына, төменгі алабы шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы өзендері