Юта () — АҚШ-тың батысында, Сеңгір тауларының маңында орналасқан штат. Солтүстік-шығысында Вайоминг, шығысында Колорадо, оңтүстігінде Аризона, батысында Невада және солтүстігінде Айдахо штаттарымен шектеседі. Орталығы мен ең ірі қаласы — Солт-Лейк-Сити.
1896 жылғы 4 қаңтарда Юта АҚШ құрамына 45-штат ретінде енеді. Юта АҚШ-тың транспорттық штаты болып келеді, осы жерде ақпарат технологиясы, ғылымы,тау кен өнеркәсібі мен туризмі өте дамыған.
Этимологиясы Штаттың аты Юталар тайпасының атауынан шыққан, және олардың тілінде ол «Тау адамдары» дегенді білдіреді.
Тарихы Шамамен 2 мың жыл бұрын Колорадо үстіртінің маңында ежелгі анасази мәдениеті пайда болады. Кейін сол жерде пуэбло мәдениеті қалыптасады да, штаттың оңтүстік-шығысында олардың тұрғын үйлері табылады. Еуропалықтардың келген кезінде ол жерде юталар, пайуттар, навахо мен гошуттар мекендеген.
Юта жерінде 1540 жылы бірінші келген еуропалықтардың қатарында мен оның сарбаздарын айтып кетуге болады. Олар Жеті Алтын қалаларды іздестірген екен. Бұл — Пиреней түбегінде пайда болған Солтүстік Америка жерінде тығылған алтынға бай қалалар туралы аңыз болатын.
1776 жылы екі француз миссионерлері Сильвестре де Эскаланте мен Франсиско Домингес Санта Фэ мен Калифорния арасында жол жүйесін құрастыру мақсатымен Юта жеріне экспедиция жасаған. 1840 жылдары Юта жері Калифорниядан жүретін жолдар мен көші-қону үшін ғана қолданылатын, ол жерде зерттеулер сирек жүретін. 1847 жылы осы жерге мормондар бірінші рет Иллинойстан келеді.
Халқы Юта халқының 87%-ы қалаларда тұрады, және бұл Ютаны ең урбандалған штаттардың қатарына қосады. Халықтың шамамен 80%-ы Уосатч-Фронт ауданында тұрады, оның орталығы — .
Юта діни жақтан біртектес штаттардың бірі болып келеді, өйткені халқының 60%-ына жуығы — мормондар. Бұл олардың күнделікті өмір салтына және дәстүрлеріне әсер тигізеді.
Дереккөздер
Санат:АҚШ штаттары