Майбұлақ – Қусақ алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 27 км, жалпы ұзындығы 28 км болатын 11 саласы бар.

Бастауы Бастауын Қоңыртемірші тауларының шығыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Томар ауылынан жоғарыда Қусақ өзенінің оң саласы - Қаражан өзеніне құяды.

Гидрологиясы Арнасы сайлы-жыралы, жонды-қырқалы өңірмен өтеді. Төменгі ағысында аңғары кеңейеді. Жаз айларында ағысы тоқтап, қарасуларға бөлініп қалады. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Алабында қыстаулар орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы