Қарақыстақ – Шу өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 61 км, су жиналатын алабы 738 км2.
Бастауы Қырғыз Алатауының солтүстігінен басталып. Рахым Сабденов ауылы тұсында Қорағаты өзеніне құяды.
Гидрологиясы Тау ішіндегі аңғары тар шатқалды, жазыққа шыққанда үш тармаққа бөлініп аңғары кеңейеді. Көп жылдық қар, маусымдық жауын-шашын суларымен толығады. Жайылмасы шабындық ретінде, суы егін, бау-бақша суаруға пайдаланылады. Қарақыстақ өзені бойында 1984 жылы су сыйымдылығы 6,8 млн. м3 болатын өзімен аттас Қарақыстақ бөгені салынған.Қазақ Энциклопедиясы, 9-томҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы өзендері Санат:Шу су алабы