Хмельницкий облысы (, ауыз. Хмельнитчина ; 1954 жылдың 4 ақпанына дейін — Каменец-Подольск облысы ()) — Украинаның батысында орналасқан облыс. Батыс Подолье мен Оңтүстік Волынь жерлерінде орналасқан.

Облыстың аумағы 20 629 км² (Украина аумағының 3,42 %-ы). Халқы — 1 254 702 адам (2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша)Чисельність наявного населення України на 1 січня 2020 року (укр.). ukrstat.gov.ua. Дата обращения: 9 октября 2020. Архивировано 9 октября 2020 года. // Державна служба статистики України. Київ, 2020. Стор. 73-75.

Әкімшілік орталығы әрі ең ірі қаласы — Хмельницкий. 1941 жылдың 12 мамырына дейін облыс орталығы Каменец-Подольский қаласы болған. Басқа ірі қалалары — Шепетовка, Нетешин, Славута және Староконстантинов.

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Табиғаты

Волынь-Подоль қыратының шегінде орналасқан. Жері өзен аңғарларымен, сай, жыралармен тілімделген. Пайдалы қазындылары – гипс, гранит, фосфорит, шымтезек. Климтаты қоңыржай континенттік. Қаңтардың орташа температурасы – 5,4 шілдеде 19,2 градус. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 550 – 600 мм. Басты өзені – Днестр. Жері қара және сұр күлгін топырақты. Облыстың көпшілік бөлігі орманды дала зонасында жатыр. Территориясының 12%-і орман.

Халқы

Тұрғындарының негізі украиндар; орыстар, поляктар да тұрады. Орташа тығыздығы 1 км квадрат – ге 77,9 адамнан. Қала халқы 30%. Ірі қалалары – Хмельницкий, Каменец-Подольский, Шепетовка, Славута.

Шаруашылығы

Өнеркәсібінің басты салалары – тамақ, жеңіл, мәшина жасау және металл өңдеу. Ірі кәсіпорындары – қант зауыттары (Хмельницкий, Каменец-Подольский, Шепетовка қалаларында), көкөніс консервілеу зауыды (Каменец-Подольский), ет комбинаты (Хмельницкий), шұға (Славута), мақта-мата (Каменец – Подольский), трикотаж (Хмельницкий) фабрикалары, трансформаталық қосалқы станциялар, «Трактородеталь» зауыттары (Хмельницкий), кабель, электромеханика, «Автозапчасть» заводтары (Каменец-Подольский). Облыста 1973 жылы 523 колхоз және 2 совхоз болды. Егісі (1972 жылы мыңға) 1401,3 бұның ішінде дәнді дақылдар 698,6, техника 169,3, картоп, көкөніс 124,1, жемшөп 409,3. Негізгі дәнді дақылдары – бидай, арпа, қара құмық, сұлы, тары. Техника дақылдардан қант қызылшасы басым (149,8) өсіріледі. 1973 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 1076,7 (бұның ішінде сиыр 433,0), шошқа 958,4, қой мен ешкі 223,6, жылқы 83,2. Темір жолының ұзындығы 732 км (1973). Негізгі темір жолы желілері Киев – Хмельницкий – Львов, Одесса – Хмельницкий – Львов. Автомобиль жолының ұзындығы 12,3 мың км. Днестр өзенінде кеме жүзеді. Ауыл шаруашылығы, педогогика, технология институттар, 16 арнаулы орта оқу орны, 2 театр, филармония, 3 музей бар. облыстық «Радяньске Поділля» («Советтік Подолья») газеті шығады.

Дереккөздер

Санат: Украина облыстары