Мақаш Жүсіпов (1939 жыл, Тасқала ауданы, Киров) - егінші, Социалистік Еңбек Ері (1981).
Еңбек жолы Бұрынғы «Красный Маяк» кеңшарында 17 жыл механизатор, 2-трактор - егіс бригадасының жетекшісі болған. 1983 жылы ауданда мердігерлік бригада ұйымдастырылған кезде жұмыстың ілгерішіл әдісін қолданды. Әсіресе жерді қайырмасыз түренмен жыртуды ауданда бірінші болып тәжірибе жүзінде іске асырды. Егін науқанында жыл сайын жоғары өнім жинады. Бригада табысын ұйымдастырудағы еңбегі үшін 1981 жылы Мақаш Жүсіповке мәртебелі атақ берілді.
Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері