Қарғалы – Есіл алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 315 км2.
Бастауы Бастауын Нияз тауларының солтүстік-батысындағы бұлақтардан алып, Есіл ауылынан төменде Есіл өзеніне оң жағынан құяды. Жалпы ұзындығы 50 км болатын 30-дан астам саласы бар.
Гидрологиясы Өзен арнасы жағалауының басым бөлігі жарқабақты, төменгі ағысының сол жағалауы биіктігі 6-8 м, кейде жартасты келеді. Арнасында жыл бойы су болады. Қараша айының 2-бөлігінде суы қатып, сәуірдің 2-онкүндігінде ериді. Өзен бойында бірнеше елді мекендер, оқушылар лагері, қыстау, жайлаулар орналасқан. Алабының басым бөлігі жыртылған.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Есіл су алабы Санат:Осакаров ауданы өзендері