Қарасубұқты – Сарықопа көлі алабындағы өзен.

Географиялық орны Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 34 км.

Бастауы Бастауын Аққошқарадыр (165 м) тауының батысындағы шағын көлдерден алып, Шолақ Қарасу қыстауы маңында Сарықопа көліне құяды.

Гидрологиясы Жағалауы жазық. Өзен суы ащы. Арнасында көктем айларында ғана су болады, басқа уақытта қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Амангелді ауданы өзендері Санат:Жангелді ауданы өзендері Санат:Сарықопа су алабы