Қозыбасы – Жетіжол жотасының солтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылының шығысында 14 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1149 м. Ендік бағытта 12 км-ге созылған, енді жері 2,5 км.

Жер бедері Беткейлері керпештеліп, адыр түзген. Олар сай-жыралармен тілімделген. Батысымен Сасық қайнараның жылғасы өтеді. Шығыс Соқырбұлақ өзенінің жылғалары бастау алады. Тауалды қоңыр топырағында таудың далалық өсімдіктері өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) таулары