Хулио Антонио Мелья (; , Гавана, Куба — , Мехико, Мексика) - Куба жастар мен коммунистік қозғалысының қайраткері. 1924 ж. Гавана коммунистерінің бірлестігіне кірді. 1925 ж. Куба антиимпериалистік лигасының негізін қалады. Сол жылғы Куба коммунистік партиясының (ККП) Құрылтай съезінде ККП ОК құрамына сайланды. 1929 ж. Мексика коммунистік партиясына кіріп, оның ОК-нің құрамына сайланды. 1927 ж. КСРО-да болды. Мексикаға қайтып оралып, Куба эмигранттарының жаңа революциялық ассоциациясын, 1928 ж. Пролитариат студенттері ассоциациясын құрды. Куба диктаторы Х. Мачадо жендеттерінің оғынан қаза тапты.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD. ISBN 9965-893-38-1
Дереккөздер
Санат:Куба төңкерісшілері Санат:Мексика төңкерісшілері