Қызылсерік – Тарбағатай жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау сілемі.
Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы Қазымбет ауылының солтүстік-шығысында 24 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2033 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қаарай 13 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейлері тіктеу. Батысы, солтүстігі және шығысымен Базар, оңтүстігінде Қусақ өзендерінің салалары тау бөктеріндегі бұлақтардан бастау алады. Батысында Базар, Үржар, оңтүстігінде Тікжолдың асуы орналасқан.
Өсімдігі Тау шатқалында көк терек, қайыңнан тұратын орман, қара және қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Үржар ауданы таулары