Қызылтау – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі аласа тау.
Географиялық орны Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында, Баянауыл тауларынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Еспе өзенінің аңғарынан Балатүндік өзенінің аңғарына дейін 65 км-ге созылып жатыр. Ені 10 — 15 км. Абсолюттік биіктігі 800 м.
Жер бедері Күмбез, шошақ тәрізді денудациялық аласа таулар мен ұсақ шоқы, төбелер тобынан тұрады. Ірі таулары: Қарақуыс (764 м) пен Әулие (1055 м). Беткейлері сайлармен тілімделген. Етегінде бұлақтар бар.
Геологиялық құрылымы Таулар соңғы тас көмір, пермь кезеңдерінің граниттерінен, төменгі және орта девон жыныстарынан түзілген. Тау етектерін төрттік дәуірдің делювийлік-пролювийлік шөгінділері жауып жатыр.
Өсімдігі Қызылтаудың қоңыр топырағында қараған, тобылғы, сұлыбас, қылқан селеу, бетеге, жусан өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы таулары